16.05.2026, 12:30
Оқылды: 2

Жалпақталда жүйелі жұмыстар жалғаса береді

Бүгін ауылдық мәдениет үйінде өткен Жалпақтал ауылдық округі әкімі Ғаділбек Әлібековтың 2026 жылдың І жартыжылдығында  атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мәселелер туралы есепті жиыны өтті.
image-15-05-26-08-09-3
Округ әкімі Жалпақтал ауылдық округі бойынша 782 аула, 5392 тұрғын халық бар екенін баяндап, соның ішінде бюджеттік мекемелер мен жеке секторларда және вахталық салаларда жұмыс істейтін адамдар саны 1825, өзін-өзі қамтушылар саны 465, зейнеткерлер саны 568, мүгедектер саны 184, жеке кәсіп жетекшілері 150, жұмыссыздар саны 90 адамды құрайтынын хабарлады.
image-15-05-26-08-09
Әкім өз хабарламасында округтегі ауыл шаруашылығында соңғы санақ бойынша ірі қара - 2388, қой мен ешкі – 3268, жылқы – 334, құс -793 басты құрағанын айтып, ағымдағы жылдың сәуір айында «Сельхоз», «Водстрой», «Ет комбинаты» бағыттары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастыру жөнінде  жиындар өткізгенін айтты. Одан кейін Ғаділбек Әлібекұлы ауыл халқын толғандырған негізгі жобаларға тоқталып, округ аумағындағы санитарлық жағдайды жақсарту бағытында да нақты жұмыстар жүргізілгенін толықтай айтса, жергілікті учаскелік полиция инспекторы Балауса Қаженова округтегі қоғамдық тәртіптің сақталуы жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарын тәртіпті сақтауға, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.
2026 жылы атқарылатын іс-шаралар қатарында да бірқатар маңызды мәселелер қолға алынады деп жоспарланған. Оның ішінде жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау, ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын көміп, қалпына келтіру, қосымша 15 нүктеде жалпы саны 30 қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін контейнерге арналған контейнерлік алаңдар орнату, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжіне жатақхана салу, «Таза ауыл» номинациясы бойынша бөлінген 10 млн теңге қаржыға қатысты қауымдастық мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, аталған қаражатты ауылды абаттандыру жұмысына бөлу көзделген.
image-15-05-26-08-09-2
Кездесуде аудан әкімі Аслан Сарқұлов ауыл-елді дамытудың маңызына терең тоқталып, еңбек ететін жұмысшыларды заңды түрде тіркеу, қолдағы төрт түлік малды толық рәсімдеп, оларды уақытылы ектіріп отыру қажеттігін баса айтты. Жиыннан кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале