Бүгін Бисен ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр.

Сайлау науқаны әдеттегідей Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, жәшіктер пломбаланып, ұйымдастыру шараларымен басталды.

Ауылдың үлкендері азаматтық белсенділік танытып, көш бастады.

Бүгінгі Бисен ауылдық округінің әкімін сайлау науқаны төрт жерде бірдей өтуде. Таратып айтсақ, №65 Бисен, №66 Жиекқұм, №67 Жетібай, №68 Көктерек учаскелік сайлау комиссиялары кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасамақшы.

Комиссия төрағаларының айтуынша, сайлаудың алғашқы үш сағаты жоғары белсенділікпен өтуде.
Ұлпан Жакина
Бөкей ордасы ауданы