17.05.2026, 16:00
Оқылды: 3

Аға буын әрқашанда белсенді

Қай-қай саяси науқанда да аға буын қоғам өміріне, аудан тынысына бей-жай қарай алмайтындарын көрсетеді, сайлау науқанына да белсенділікпен қатысады. Бұл олардың азаматтық жауапкершілік, міндет деген құндылықтарды басты орынға қоятын дарын көрсетеді, әрине.

FB_IMG_1778999107794
Бисен ауылдық округінде өтіп жатқан сайлау да дәл осындай.
Ауылдың аға буыны жұбайлары мен жетек есіп келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі - жуырда ғана алпыс жастарын тойлаған ауыл белсенділері Берік Төлегенов ағамыз және Бибігүл Өтегенова жеңгеміз.
- Сайлау келіп өз таңдауын жасау да азаматтық борышымыз деп ұғамыз. Дауыс беріп, болашақ әкімге сенім білдірдік. Жаңа әкіміміз осы сенім мүддесінен шықса игі, - дейді Берік ағамыз.
Айта кетейік, жалпы Бисен ауылдық округі бойынша 1501 сайлаушы тіркелген. Оның 834-і округ орталығына, 255-і Жиекқұмға, 167-сі Жетібайға, қалған 245-і Көктерек елді мекеніне тиесілі.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале