18.05.2026, 17:15
Оқылды: 6

БҚО-да жастардың діни сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылған іс-шара «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында өрбіді. Кездесу «Мақсат» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне арналды.

WhatsApp Image 2026-05-18 at 16.25.59 (1)

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру, жалған діни идеологиялардың алдын алу және діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру.

Кездесуге РАТТ мүшесі, Ақтөбе қаласындағы «Ихсан» орталығының теолог маманы Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы және Батыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Абдувалинов Дастан қатысты. Мамандар студенттермен ашық форматта пікір алмасып, қазіргі кезеңдегі діни ахуал, жастар тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың рөлі және интернет кеңістігінде таралатын деструктивті діни идеялардың қаупі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында спикерлер жастарға дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтардың өзара байланысы туралы айтып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда рухани тәрбиенің маңызына ерекше тоқталды. Сонымен қатар студенттерге күмәнді діни ақпараттарды ажырату, әлеуметтік желілердегі жалған уағыздардан сақтану және ресми діни ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

WhatsApp Image 2026-05-18 at 16.25.59

Іс-шара еркін сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Теолог мамандар жастар тарапынан қойылған дін, қоғам және рухани тәрбиеге қатысты сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап берді. Кездесу студенттердің қызығушылығын тудырып, олардың діни сауаттылықты арттыруға деген ынтасын байқатты.

 БҚО Дін істері басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале