19.05.2026, 10:30
Оқылды: 14

БҚО: Әкімдіктен скрипка сазы естілген күн

 

Сырым ауданында 21 мамыр - Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай “Мәдениет мәңгілік - өнер өміршең!” атты салтанатты шара өтті. 

7d404fa8-187c-4c8c-a9da-ce9d9871583a

Сала мамандарын кәсіби мерекемен Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов құттықтады.

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: “Мәдениет - ұлттың рухани коды” - деп баға берді. Өнер ұлттан, мәдениет тарихтан тамыр тартады. Ауданның мәдениет саласында 70 - тен аса қызметкер, 12 халықтық үлгілі ұжым, 2 халықтық театр бар. Олардың еселі еңбегі бағалануға лайық, - деді аудан әкімі.

7598c32a-945a-496d-9774-7d47559be7e1

Сырым ауданы әкімдігінің бірқатар қызметкерлер «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің алғыс хатымен Жетікөл ауылдық мәдениет үйінің директоры Жакен Маева, Тасқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Әлия Қойбағарова, Жымпиты халықтық театры режиссерінің көмекшісі Қайрат Илашев –марапатталды

БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиевтің алғыс хатымен Сарой ауылдық клубының меңгерушісі Гаухар Хусайнова, балалар бөлімінің меңгерушісі Гүлдерайым Упагалиевалар марапатталды.

3228081d-aafd-4675-a643-20279bc6078f

Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өнер көрсетті. Оркестр  А.Вивальди, С. Иррадьер, К. Кристофер, Р. Непесов секілді шетелдік авторлардың классикалық шығармалары мен отандық композиторлардың туындыларын орындады. Жеке дауыста А. Хайырханов шырқады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері — Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Асхат Хасанов.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Суреттерді түсірген: Қоңдыкер Елеуов

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале