Бүгін Атырау қаласында өткен дәстүрлі «Atyrau Marathon – 2026» марафоны биыл ерекше рекордпен есте қалды. Ауқымды жарысқа 2500-нан астам қатысушы тіркеліп, еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар бас қосты.

Осындай тартысты додада жерлесіміз Баубек Ильясов өзінің жоғары дайындығы мен қайсар мінезін дәлелдеп, ең қиын саналатын 42.2 шақырымдық қашықтықта ерлер арасында абсолюттік жеңімпаз атанды.
Бұл жеңістің салмағы ерекше. Себебі жүздеген емес, мыңдаған спортшының ішінен суырылып шығып, мәреге бірінші жету кез келгеннің қолынан келе бермейтін үлкен жетістік. Баубек жарыс бойы табандылық, төзімділік және нағыз чемпионға тән мінез көрсетті.
Жерлесіміздің бұл жетістігі облыс, ауданымыз үшін үлкен мақтаныш. Ол тек жеңіске жетіп қана қоймай, қаншама мықты спортшының арасынан озып, өңір намысын абыроймен қорғады.
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы