19.05.2026, 10:15
Оқылды: 10

Бірлік пен күштің жемісі – жарқын жеңіс

Сырым ауданы Қособа ауылында арқан тартыстан өткен “QOSOBA CUP” аудандық ашық турнирі өтті. Додаға облыстың әр аудандарынан келген мықты құрамалар қатысып, өзара күш сынасты. Солардың қатарында Казталов ауданы,  Жұлдыз ауылынан жасақталған “Жұлдыз” командасы ерекше көзге түсті.

image-18-05-26-05-28-1

Жалпы 16 команда бақ сынаған турнирде жұлдыздық жігіттер 15 қарсыласын артқа тастап, “QOSOBA CUP” ашық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл тек жеңіс емес, ауыл жұлдыздық жастардың ауызбіршілігі мен табандылығының жемісі.

Арқан тартысқа команда болып қатысып жүргендеріне көп уақыт өтпесе де, “Жұлдыз” командасы қысқа мерзім ішінде өзінің мықтылығын, иықтылығын дәлелдеп үлгерді.

Бұның алдында Жаңажол ауылында өткен тартыста да 15 команда арасынан суырылып шығып, жүлделі төртінші орынға табан тіреген еді. Бүгінде олардың әр жарыста ширап, тәжірибе жинап келе жатқаны анық байқалады.

 

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале