19.05.2026, 12:45
Оқылды: 61

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігінің назарын Астанадан қатынайтын әуе рейстерін уақтылы іске қосу мәселесіне аударды

«Нью-Йоркке, Токиоға басқа да бағыттар бойынша тікелей жаңа рейс ашамыз деп көптен бері әңгіме қозғап жатырмыз, әлі нәтиже жоқ. Қандай шаралар қабылдап жатсыздар?», — деді Олжас Бектенов. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында айтылды. 

5215353456275691849

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, бүгінде Астанадан әлемнің түрлі елдеріне 34 халықаралық әуе бағыты бойынша рейстер қатынайды. Жыл соңына дейін тағы 5 бағыт ашу жоспарлануда. Токиомен тікелей әуе қатынасын іске қосу осы жылдың IV тоқсанында, АҚШ-пен тікелей рейстерді ашу келесі жылдың II тоқсанына жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале