19.05.2026, 16:00
Оқылды: 46

Мемлекеттік қызметшінің ар-намысы – қоғам айнасы

Қазіргі қоғамда ақпарат тарату жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Осындай ашық ақпарат кеңістігінде әрбір азаматтың, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің де ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау маңызды мәселелерін біріне айналып отыр.

ЖП, әкімдік акимат

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін тұлға. Олар күн сайын азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеп, қоғамның дамуына үлес қосады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге қатысты негізсіз айыптау, кемсіту, қорлау немесе жалған ақпарат тарату тек жеке адамға ғана емес, мемлекеттік институттардың беделіне де әсер етеді.

Әлеуметтік желілерде кей жағдайда эмоцияға беріліп, тексерілмеген ақпарат тарату немесе ар-намысқа тиетін пікірлер жазу кездеседі. Мұндай әрекеттер қоғамдағы моральдық-психологиялық ахуалдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Әрбір жарияланған пікір мен ақпараттың заң алдында да, адамгершілік тұрғысынан да жауапкершілігі бар екенін ұмытпау қажет.

Сонымен қатар, сын айту – демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Азаматтар мемлекеттік қызмет сапасына қатысты өз пікірін білдіруге құқылы. Алайда сын мәдениетті түрде, нақты дәлелдерге сүйене отырып айтылғанда ғана оң нәтиже береді. Әдеп нормаларын сақтау – өркениетті қоғамның белгісі.

Осыған байланысты БАҚ пен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Түрлі ақпараттық науқандар, түсіндіру видеолары, мақалалар мен кездесулер қоғамда өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қоғамдағы тұрақтылық пен сенім – өзара құрметтен басталады. Сондықтан әрбір азамат ақпарат таратуда жауапкершілік танытып, қоғамдық әдеп пен адамгершілік құндылықтарын сақтауға үлес қосуы тиіс. Мемлекеттік қызметшіні құрметтеу – мемлекетті құрметтеудің бір көрінісі.

 

С.А.Жаманкулов,

ТМРК БҚО бойынша департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкіл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале