19.05.2026, 17:30
Оқылды: 40

Оралда №18А Кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру жүйесінің үздіксіз қызметін ұйымдастыру мақсатында нақты істер атқарылды. Мәселен, бүгін 150 мың тұтынушыны қамтитын №18А кәріз-сорғы стансасы қайта жаңғыртудан соң іске қосылды. Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.23 (1)

2023 жылы жасақталған жол картасына сәйкес Орал қаласында негізгі жүктемені көтеретін 8 ірі стансаны жөндеу жоспарланса, соның алтауы жаңғыртылды. №1 және №29 кәріз-сорғы стансаларын жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Аталған 8 жобаға бюджеттен 12,3 млрд теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде кәріз жүйесінің тозу деңгейі 63 пайыздан 55 пайызға түседі. 366 мыңнан астам тұтынушы тұрақты су бұру қызметімен қамтылады.

WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.24

Облыс әкімі жаңа нысанның әлеуеті және жұмысшыларға жасалған жағдаймен танысты. Нариман Төреғалиев қуаты төмен, кіші сорғы стансалары да  кезең-кезеңімен жөнделетінін жеткізді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.22 WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.24 (1) WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.22 (1) WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.24 (2) WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.25 WhatsApp Image 2026-05-19 at 17.20.25 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале