18–20 мамыр күндері Ташкент қаласында өткен ММА (АММА) нұсқасы бойынша жасөспірімдер Азия чемпионатында жерлесіміз Ерболат Асылхан ел намысын қорғады.
Дүбірлі додада 55 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ерболат Асылхан қарсыластарымен тартысты белдесулер өткізіп, нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды иеленіп, ел мерейін үстем қылды. Бұл – спортшының табанды еңбегі мен үздіксіз дайындығының жемісі.
Жас спортшының бұл жетістігінде жеке бапкері Мұхаммед Құрманалиевтің еңбегі зор.
Осы орайда, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары мен аға жаттықтырушыларына спортшыларды жоғары деңгейде дайындап, халықаралық бәсекелерде ел абыройын асқақтатуға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреміз.
Ерболат Асылханды жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Мейірім Парасат,
Казталов ауданы