22.05.2026, 9:30
Оқылды: 8

Бәйтерек ауданы: Переметныйдың әкімі тағайындалды

Бәйтерек ауданы, Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауы болған еді. Сайлаушылардың басым дауысына ие болған Данияр Кушубаев аталмыш округтың әкімі болып тағайындалды.

image-21-05-26-09-49-8

Жаңа әкімді Переметный активі мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерлан Ғалиев таныстырды.

- Данияр Құрманғалиұлы, бюджеттен бөлінген қаржыға көше шамдарын орнату, жаяу жүргіншілер жолын салу, балалар ойын алаңдарын тұрғызу секілді жұмыстарды кез-келген адам жасай алатынын білесіз. Сіз бюджеттен тыс қаржы көздерін тауып, аудан орталығындағы өзекті де маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарауыңыз керек. Ең бастысы, переметныйлықтарды ортақ іске, ортақ мүддеге жұмылдыра білу керек. Сөздің шыны керек, аудан орталығы тұрғындарының саяси, мәдени шараларға келуі, тазалық, абаттандыру бағытындағы жұмыстарға мән беруі көңіл көншітпейді. Бұл бағытта ауыл әкіміне ел ағалары, мекеме басшылары да көмектерін береді деп ойлаймын. Әр адам Отанын, туған жерін, еңбек етіп жүрген ортасын сүюі, оған құрметпен қарауы тиіс, - деді өз сөзінде Ерлан Ерсайынұлы.

image-21-05-26-09-49

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов 17 мамырдағы сайлауға 4667 сайлаушының 1338-і, яғни 28 пайыздан астамы дауыс бергенін айтты. Солардың 872-сі (76,90%) Данияр Көшібаевқа сенім артқан. Сөйтіп ол Переметный ауылдық округының әкімі болып сайланды. Сайланған әкімге ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекіткен үлгіге сай қызметтік куәлік табысталды.

Содан соң қоғамдық ұйым, мекеме-кәсіпорын басшылары жаңа әкімге табыс тілеп өз тілектерін білдірді.

image-21-05-26-09-49-7

Өз кезегінде сөз алған Данияр Көшібаев сайлауда өзіне даус берген переметныйлықтарға ризашылығын білдірді. Ел-жұрттың сол үмітін ақтау үшін еңбек ететінін айтты. “Өзім Перемтныйда дүниеге келдім, осында білім алдым,-деді  Данияр Құрманғалиұлы.-Мұндағы мекеме-кәсіпорындарда еңбек еттім, әлі де осында тұрамын. Сол себепті аудан орталығындағы жағдаймен, түрлі мәселелермен жақсы таныспын. Аудан басшылығының, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес, қоғамдық ұйым өкілдерінің, ауыл ақсақалдарының көмегімен оларды шешу бағытында жұмыстанатын боламын”.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале