22.05.2026, 9:45
Оқылды: 20

Ақжайықта республикалық маңызы бар жолдар жөнделуде

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ақжайық ауданына жұмыс сапарын бастап, жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы маңызды жобалармен танысты.

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.26.50

«Орал – Атырау» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 372–432 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары қаралды. Жоба аясында қолданыстағы жол жамылғысы 25 шақырым көлемінде ресайклинг әдісімен қайта өңделуде. Сонымен қатар 60 шақырым учаскеде ірі түйіршікті асфальтбетоннан төменгі қабат төсеу және дәл осы көлемде ұсақ түйіршікті асфальтбетоннан жоғарғы қабат төсеу жұмыстары жоспарланған. Бұдан бөлек, жол бойында 7 аялдама павильонын орнату көзделген.

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.26.50 (2)

Келесі кезекте облыс әкімі «Чапаев – Жалпақтал – Қазталов » республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0–17 шақырым учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталған жоба аясында 16,5 шақырым жол жабыны ресайклинг әдісімен қайта өңделуде. Жалпы, аталған жол нысандарын қыркүйек-қазан айларында пайдалануға беру көзделіп отыр.

Аймақ басшысы мердігер ұйымдарға жұмыстың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударуды тапсырды.
«Ең бастысы – сапа. Жұмысты созбастан, белгіленген уақытта аяқтаңыздар. Тұрғындар ұзақ күтпеуі тиіс. Жаңбырлы маусым басталғанға дейін барлық жұмысты толық аяқтауды қамтамасыз етіңіздер», – деді Нариман Төреғалиев.

ЖП жол, Бекзат түсірді

Жұмыс сапары әрі қарай жоспарға сәйкес жалғасады. Келесі кезеңде Тайпақ ауылындағы әлеуметтік нысандар, Сәтимолла кен орны және Кенсуат ауылындағы жаңа мектеп құрылысы мен жол инфрақұрылымы нысандары қаралатын болады.

Бекзат Қанәділ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале