25.05.2026, 9:30
Оқылды: 55

Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады

 Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалар жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 

_gluster_2026_5_22_5f6a3755373c37aecb57826365c44373_1280x720

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылынан бастап барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы жүзеге асырылмақ.

Аталған жоба ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Келешек мектептері» директорларымен кездесуінде берген тапсырмасымен жүзеге асады. Министр мектеп басшыларына жобаны тиімді жүзеге асырып, оны білім беру үдерісімен байланыстырудың өзектілігін атап өткен болатын.

Жобаның негізгі мақсаты - оқушылар мен педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқитын ұлт тәрбиелеу.

Бұл бастамаға тек оқушылар ғана емес, мектеп ұстаздары да белсенді түрде қатысады. Осы арқылы мектептерде біртұтас оқу мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр.

Қазір педагогтер мен оқушылардың ұсыныстары негізінде кітаптар тізімі жасақталуда. Арнайы сауалнама жүргізіліп, қатысушылардың қызығушылықтары мен сұраныстары ескеріледі. Нәтижесінде педагогтер үшін кәсіби дамуға арналған заманауи әдебиеттер, ал оқушылар үшін тұлғалық даму мен дүниетанымды кеңейтетін отандық және шетелдік шығармалар іріктелді.

Сонымен қатар, жоба қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар арасынан «Үздік оқырмандар» анықталып, марапатталатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале