22.05.2026, 23:00
Оқылды: 3

Азияны бағындырған ардагер

17-22 мамыр аралығында Ақтау қаласында спорттық самбодан кадеттер мен спорт шеберлері арасында Азия және Океания чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға ауданымыздың ғана емес, тұтас өңірдің абыройын асқақтатып жүрген самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, білікті жаттықтырушы әрі ардагер спортшы Марат Есмағұлов қатысты.
photo-output
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан байрақты бәсекеде Марат Паритұлы жоғары шеберлік пен қайсарлық танытып, Азия чемпионы атанды. Бұл – тек спортшының ғана емес, ел спортының мерейін үстем еткен айтулы жеңіс.
Спортты серік етіп, талай жастың қанатын қатайтып жүрген жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуыңыз биік, жеңіс тұғырыңыз нық болсын! Боз кілемде мерейіңіз үстем болып, көк туымызды әлі талай халықаралық ареналарда желбірете беруіңізге тілектеспіз.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале