25.05.2026, 15:30
Оқылды: 10

«AMANAT» бастамасы: С.Меңдешев ауылдық округінде заманауи мәдениет үйі бой көтерді

 Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс жасап келді. Ауыл тұрғындарының әркез көтеретін мәселелерінің қатарында мәдениет үйінің күрделі жөндеу мәселесі болды. 2024 жылы «AMANAT» партиясының бастамасымен ауылда жаңа мәдениет үйі құрылысы басталып, қазіргі таңда толық пайдалануға берілді.

IMG_9249.JPG

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы өңірдің күй астанасы болып саналады. Бұл киелі аумақта қазақтың күй өнерін асқақтатқан атақты күй алыптары Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісова дүниеге келген. Осы себептен де шығар Жаңақала ауданынан шыққан күй тарландарының саны көп. Олар атадан қалған дәстүрлі өнерді асқақтатып, бүгінде ұрпақтан ұрпаққа өнеге етіп келеді. Оқап Қабиғожин, Мамен, Тұяқберді Шәмелов, Қали Жантілеуов сынды атақты күйшілер де осы киелі жердің тарландары. Ән өнері мен күй салтанатын өркендеткен мекендегі көп жылдар бойы апаттық деп танылған мәдени нысанның жай-күйі халықты толғандырып келді. «AMANAT» партиясының бастамасымен бұл мәселе шешімін тауып, бүгінде ауыл тұрғындарына арналған жаңа мәдениет үйі бой көтерді.

IMG_9247.JPG

150 орынға арналған жаңа мәдениет үйі барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мәдениет үйі аумағында балаларға арналған коворкинг залы, би залы және ауыл тұрғындарына қажетті кітапхана орналасқан.

IMG_9250.JPG

IMG_9246.JPG

Ауылдық округтегі жаңа мәдени нысанда ауыл тұрғындары бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар, ауылдық жиналыстар, концерттік бағдарламалар ұйымдастыруға мүмкіндік алып отыр.

«Біздің ауылымыздағы мәдениет үйі бұрынғы клуб ұзақ уақыт апатты жағдайда жұмыс жасап келді. Біздің ауылдың жастары да, мектеп оқушылары талантты, әркез әртүрлі мәдени байқауларға қатысып жүреді. 2024 жылы осы ауылымызда жаңа мәдениет үйі салынып, ауыл тұрғындарының бір аманаты орындалды. Осы ауыл тұрғындары атынан, мәдениет саласы қызметкерлері атынан «AMANAT» партиясына бастама болғаны үшін алғысымызды білдіреміз,– деп атап өтті С.Меңдешев атындағы ауыл тұрғыны.

Аталған мәдени нысан тек жастарға ғана емес, барлық жастағы ауыл тұрғындарына арналған. Жоба аясында құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөлініп, тиісті бақылау жүргізілген.

«Жаңақала ауданы аумағында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бірқатар мәдени нысандар бой көтеріп, бірқатарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали

Меңдешев атындағы ауыл тұрғындарының аманаты – мәдениет үйінің салынуы барысында бірнеше партиялық бақылау жүргізіліп, құрылыс жұмыстары сәтті аяқталды», - деді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Гүлбану Дагарова.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бері жалпы сыйымдылығы 690 орындық 6 мәдениет нысаны ашылып, 12 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале