25.05.2026, 12:15
Оқылды: 6

Жалпақталдық түлектер «Ынтымақ» мұнарасын тарту етті

Жалпақтал ауылында игі дәстүрге айналған түлектер тартуы биыл да жалғасын тауып, көпшілікке қуаныш сыйлады.
image-25-05-26-01-26
Ауылдың көркеюіне үлес қосуды азаматтық парыз санаған 2006 жылы тәмамдаған мектеп түлектері туған өлкесіне ерекше сый жасап, биіктігі 30 метр болатын «Ынтымақ» мұнарасын тарту етті.
Құны 45 миллион теңгені құрайтын сәулеттік нысан ауыл келбетіне сән беріп қана қоймай, ел бірлігі мен туған жерге деген перзенттік сүйіспеншіліктің айқын белгісіне айналды. Францияның әйгілі Эйфель мұнарасының үлгісінде бой көтерген нысан заманауи жарық шамдарымен безендіріліп, 24 мамыр күні іске қосылды.
image-25-05-26-01-26-2
Жалпақталдық жұртшылық бұл тартуды ауыл тарихындағы тағылымды оқиғалардың бірі ретінде бағалауда. Өйткені мұндай игі бастамалар өскелең ұрпаққа туған жерді қадірлеудің, елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетеді. Туған ауылына ту тігіп, елдік іске ұйытқы болған азаматтардың бұл қадамы көпке өнеге.
Соңғы жылдары ауданда түлектердің туған жерге тарту жасау дәстүрі кең қанат жайып келеді. Бірі спорт алаңын салса, енді бірі саябақ немесе әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға үлес қосуда. Бұл «Туған жерге тағзым» қағидасының нақты көрінісі.
Бекарыс Әбіш, 
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале