26.05.2026, 15:45
Оқылды: 30

Талдыапанда «Мемлекеттік рәміздер алаңы» ашылды

Казталов ауданына қарасты барлық мектептерде оқу жылын аяқтау салтанаты құрметпен аталынып, түлектер тартуындағы жаңа нысандардың салтанатты ашылу рәсімдері өткізілді. 

imag

Осындай мерекелік шара барысында Талдыапан ауылында туған өлкесінің көркеюіне атсалысқан 40 жылдық мектеп түлектері өз қаражаттарына «Мемлекеттік рәміздер алаңын» тарту етіп, оның салтанатты ашылу рәсімін жасады.

image-26-05-26-12-07

Жиында мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, туған жеріне өлшеусіз үлес қосқан елжанды түлектерге жерлестерінің шексіз алғыстарын жеткізді.

 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале