26.05.2026, 15:40
Оқылды: 21

Аймақ басшысы мектеп құрылысын сапалы аяқтауды тапсырды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында іссапармен жүр. Аймақ басшысы алдымен Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Құспанкөл ауылында «КПО Б.В.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында бой көтеріп жатқан 60 орындық шағын жинақты мектептің құрылысымен танысты. Жоба құны - 1,4 млрд теңге.
ba16ebc8-0bb0-4178-8aaa-39d9a33b565a
Қазіргі таңда нысандағы жұмыстар 67 пайызға орындалған. Бүгінде ғимараттың қабырғасы қаланып, шатыры толық жабылды. Мердігер компания ішкі жұмыстар мен аумағын абаттандыруға кіріскен. Қажетті құрылыс материалдары мен қол күші жеткілікті. Нариман Төреғалиев жауапты құрылымдарға кемшіліктерді жедел жойып, құрылыс сапасын жіті бақылауда ұстауды жүктеді.
1ac03ef9-95dc-44bb-9605-52791fd8b729
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірімізде мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Кейінгі 3 жылда 11 мыңнан астам оқушыға лайықталған 30 білім ордасы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта тағы 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың сапасы, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалуы – біз үшін өте маңызды, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы жаңа оқу жылына дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, нысанды мерзімінде тапсыруды міндеттеді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
629d364a-0311-458f-9627-918c8f03bf1a
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале