Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев аудандарға инвестиция тарту бағытында бірқатар тапсырма бергені белгілі. Бұл бағытта Сырым ауданында да бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі — Жымпиты ауылындағы автомобильдік газ толтыру компрессорлық стансасы бар жол бойы сервистік пунктінің құрылысы.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Алаш Метан» ЖШС. Мердігер ұйым ретінде «СК Алаш» ЖШС жұмыс атқаруда. Бүгін Нариман Төреғалиұлы пункттің құрылысымен танысты.
Жоба құны 650 миллион теңгені құрайды. Нысан 2026 жылдың жазында пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған.
Сығылған табиғи газ - экологиялық әрі экономикалық жағынан тиімді отын түрі.
Метанмен қуаттайтын жанармай бекеті Жымпиты өңірінің жаңа әлеуетін ашады әрі тұрғындар үшін жұмыс орындарын ұсынады.
Бауыржан Ширмединұлы,
“Сырым елі”