28.05.2026, 9:45
Оқылды: 51

Көлік министрлігінде теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен теміржол вокзалдарын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті.

IMG_20260528_090137_934

Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында өңірлердің жобаларды іске асыру барысы жөніндегі баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы, нысандарды уақытылы пайдалануға беру және жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жұмыстарды уақтылы аяқтап, нысандарды пайдалануға беруді қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

IMG_20260528_090137_488

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда. Барлық жобалардың іске асырылуы министрліктің тұрақты бақылауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале