28.05.2026, 15:15
Оқылды: 22

ҰҚК: Дрондар туралы жағдайға түсінік берді

Мәжіліс кулуарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов батыс өңірде дрондардың құлау фактілеріне қатысты пікір білдірді, - деп жазады kaz.inform.kz.

fbc70218-12a2-472e-abea-89e540ca91f8
Фото: kaz.inform.kz

Оның айтуынша, жердегі шекара қызметін атқаратын шекаралық жасақтар жоғары биіктікте ұшатын дрондарды анықтай алмайды.

— «Мемлекеттік шекара туралы» заңға сәйкес, әуе кеңістігінде шекараны күзету міндеті Әуе қорғанысы күштеріне жүктелген. Ал біз визуалды түрде байқайтын дрондар бойынша тиісті ақпаратты құзырлы органдарға жолдаймыз, — деді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале