28.05.2026, 19:00
Оқылды: 7

Әлеуметтік оңалту саласындағы тиімді тәжірибелер талқыланды

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында «Әлеуметтік оңалту орталықтарының тиімді тәжірибелері және инновациялық тәсілдерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар өтті.

WhatsApp Image 2026-05-28 at 18.08.29

Республикалық семинарға еліміздің 8 өңірінен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, оңалту орталықтарының директорлары мен мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты – әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік оңалту бағытындағы тиімді тәжірибелерді насихаттау болды.
Семинарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары, оңалту орталықтарының директорлары мен мамандары, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинарға келген қонақтар орталықтың жұмыс барысымен танысты. Қатысушыларға мекемеде көрсетілетін қызмет түрлері, заманауи оңалту кабинеттері мен қызмет алушыларға жасалған жағдайлар таныстырылды.
Іс-шара барысында орталық психолог мамандары арнайы тренинг өткізіп, психологиялық қолдау мен әлеуметтік бейімдеу бағытындағы жұмыстарды таныстырды. Сонымен қатар еңбек терапиясы нұсқаушылары мен емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, оңалту үдерісінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Семинар аясында реабилитолог дәрігері баяндама жасап, заманауи оңалту әдістері, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және олардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар әлеуметтік оңалту саласындағы жаңа тәжірибелер мен инновациялық жобалар туралы пікір алмасты.
Орталық директоры А. Даулетов мекеменің қызметі туралы баяндап, көрсетілетін қызмет түрлері, оңалтудың заманауи әдістері мен инновациялық жобалар жөнінде кеңінен таныстырды. Қатысушылар орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, мамандардың жұмыс тәжірибесіне оң бағаларын берді.
Семинар соңында орталықтың қызмет алушылары қатысқан шығармашылық концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерт барысында қызмет алушылар өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара қатысушылары ерекше жандардың шығармашылық қабілеттеріне жоғары баға беріп, мұндай шаралардың олардың қоғамға бейімделуіне оң әсер ететінін атап өтті.
Республикалық семинар әлеуметтік оңалту саласындағы тиімді тәжірибелерді таратуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және мүгедектігі бар азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасауға бағытталған маңызды алаң болды.

Арман Даулетов,

"Ақжайық" мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау

және оңалту орталығының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале