2.03.2017, 11:10
Оқылды: 26

Партия билеттері табысталды

 

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Санжар Әлиев партия қатарына жаңадан өткен  қызметкерлерге салтанатты түрде партиялық билеттер табыстады.


Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балыков пен Тасқала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Залиев, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез қатысты.

Алдымен сөз алған аудан басшысы жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, Елбасы саясатының арқасында көптеген келелі істердің атқарылып жатқанын, сонымен қатар партия мүшелерінің қатары тағы да жаңа мүшелермен толыққанын тілге тиек етіп, алдағы күндерге толағай табыс тіледі.

Н.СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале