29.05.2026, 17:45
Оқылды: 11

Ақжайық ауданында түлектер балаларға арналған ойын алаңын орнатуда

Туған жерге ықылас сөзден емес, істен көрінеді. Ауылдан қанша жерге ұзап кетсе де, кіндік қаны тамған мекенін ұмытпайтын азаматтар аз емес. Өскен ортасына қолынан келгенше жақсылық жасауды парыз санайтын жандардың қатары Ақжайық ауданында көп екеніне көзіміз жетті. Осындай игі істің бірі Көнеккеткен ауылында жүзеге асқалы тұр. Ораз Исаев атындағы орта мектепті 2006 жылы тәмамдаған, биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толып отырған түлектер ауыл балаларына арнап су жаңа ойын алаңын салып жатыр.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 16.22.05

Балғындардың қуанышына айналатын алаңқайда сырғанақ, әткеншек және шағын турник, т.б.  орнатылған. Оның үстіне түлектер ойын алаңын толық қоршап, балалар еркін ойнасын деген ниетпен қауіпсіздік жағын да назардан тыс қалдырмаған. Қазір мұнда жүгіріп жүрген бүлдіршіндердің табаны тайып кетпеуі үшін арнайы жасанды жабын төселуде.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 16.22.06

Түлектердің бұл тартуы 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында ауыл бүлдіршіндеріне сый ретінде ұсынылмақ. Бір қарағанда қарапайым іс сияқты көрінгенімен, мұның артында туған жерге деген сағыныш, ауылға деген жанашырлық жатыр. Ертең осы алаңда асыр салып ойнайтын балалардың күлкісі, ата-аналардың алғысы түлектердің еңбегіне берілетін ең үлкен баға болары анық.

 

 

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале