31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Бөкей ордасы аудан орталығында еске алу шарасы өтті.

Тағылымды шараға аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мең тұрғындар қатысып, тоталитарлық жүйенің құрбаны болған боздақтардың рухына тағзым етті.
Жиналған қауым саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен олардың жарқын бейнесін еске алды.

Саяси қуғын-сүргін жылдары мыңдаған азаматтар жазықсыз қуғындалып, елдің дамуына үлес қосқан көптеген тұлғалар зардап шекті. Оларды еске алу – өткенге тағзым жасап қана қоймай, тәуелсіздіктің қадірін түсінуге үндейтін маңызды күн.
Еске алу шарасы тағзым ету рәсімімен аяқталды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы