2.06.2026, 11:45
Оқылды: 40

Оқу-ағарту министрлігінің «Жыл волонтёры» Duke University (АҚШ) грантын жеңіп алды

Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушысы Андрей Репалов әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – АҚШ-тағы Duke University университетінен шақырту алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз орталығы. Аталған оқу орны әлемдік рейтингте үздік 25 университеттің, ал АҚШ бойынша үздік 7 жоғары оқу орнының қатарына кіреді.

_gluster_2026_6_2_51860e71f697e36b60e65f2068c2b465_1280x720

Фото: gov.kz

Андрей Репалов - РФММ-нің үздік оқушыларының бірі. Ол академиялық, инженерлік және жобалық қызмет бағыттарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Андрей - «Мектеп мақтанышы» атағының үш дүркін иегері, FIRST Tech Challenge халықаралық робототехника жарысының жеңімпазы және жүлдегері. Аталған додада Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Сонымен бірге NASA және Samsung халықаралық жобаларының финалисі әрі жеңімпазы.

Қоғамдық қызметте Андрей Ashyq Jurek волонтёрлік ұйымының мектептегі филиалын құрды. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Foundation қорының бірлескен «Жыл волонтёры» атағына ие болды. Сондай-ақ ол Қазақстандағы АҚШ Елшілігі тарапынан марапатталған алғашқы волонтёрлердің бірі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі дарынды жастарды қолдауды жүйелі түрде жүзеге асырып, оқушылардың академиялық және кәсіби әлеуетін дамытуға, сондай-ақ олардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале