6.06.2026, 10:30
Оқылды: 21

Қотанталда интернет жылдамдығы артты

Шыңғырлау ауданының алыстағы елді мекендері де интернеттің шапағатын көруде. Жақында ұялы байланыс Қотантал ауылына да келді.

image-06-06-26-12-30

Шағын ауылға Jusan Mobile тегін мобильді интернет желісінің жылдамдығын арттыратын байланыс тетігінің іске қосылғаны ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш та, жаңалық та болғаны сөзсіз.

image-06-06-26-12-30 (2)

Ауылда бұған дейін де интернет желісі болғанымен, жылдамдығының төмендігі ыңғайсыздық тудырып келгені еді.  Ал қазіргі байланыс тетігі тоқтаусыз және сапалы интернетті пайдалануға мүмкіндік туғызып отыр. Алдағы уақытта ауылдағы әр тұрғын ұялы байланыстың көмегімен өзігне қажетті ақпараттарға тез қол жеткізе отырып, алыстағы ағайынмен, жақындағы жұртшылықпен де шұрқыраса хабарласып, білім-оқу көкжиегін кеңейтіп, жұмыс-қызмет барысында да қолдары ұзарып, мұқтаждық көрмейтін болады.

                                                                                                                         Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале