6.06.2026, 17:30
Оқылды: 11

Түркияда Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы аталып өтті

Қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, композитор, дирижер әрі музыкатанушы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай Анкара қаласында іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

_gluster_2026_6_5_c0956df67f9ff7db22654706ac723f88_1280x720

Фото: gov.kz

Бағдарлама ТҮРКСОЙ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейімен бірлесіп өткізілді.

Мерейтойлық іс-шаралар ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы ғимаратында ашылған көрмеден басталды. Мұнда Ахмет Жұбановтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, ғылыми еңбектері таныстырылды.

Бағдарлама аясында ғалым әрі композитордың өмірі мен өнердегі жолы туралы деректі фильм көрсетіліп, Қазақстан мен Түркияның ғылым және мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мерейтойлық бағдарлама Анкара музыка және көркем өнер университетінің Музаффер Сарысөзен амфитеатры сахнасында өткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің концертімен аяқталды.

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған Анкарадағы халықаралық іс-шаралар композитордың өнердегі өнегелі жолын ұлықтап, түркі дүниесіндегі мәдени сабақтастықты одан әрі бекемдей түсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале