Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық сыйлық дәстүрлі өнер шеберлерін қолдауға және ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл марапат Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы негізінде Президент Жарлығымен мәдениет пен өнер саласындағы ең талантты өкілдерге табысталатын болады.
Бір уақытта ведомство шетелде танылған мәдениет өкілдерін ынталандырудың жаңа тетігін әзірлеуде. Қазірдің өзінде республикалық іріктеудің ережелері дайындалып жатыр, оның қорытындысы бойынша кемінде он елдің қатысуымен өтетін халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталады.
Марапаттар бірнеше бағыт бойынша беріледі деп жоспарланған: музыка, театр, хореография және балет, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, кино және анимация. Қазіргі уақытта бұл шараны 2027 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі пысықталуда.
Сонымен қатар жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар мен олардың тәлімгерлері ақшалай сыйақылар, гранттар, ведомстволық наградалар және арнайы төлемдер ала алады. Мұндай қолдаудың көлемі мен тәртібі іс-шараның деңгейіне, мекеме мәртебесіне және уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне байланысты болады.