6.06.2026, 21:45
Оқылды: 3

“Сүйемін туған елімді” атты кітап жарыққа шықты

Оралдағы “Атамекен” концерт залында халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі, дәстүрлі әнші, сазгер Армат Алдамжаровтың «Сүйемін туған елімді» атты шығармашылық кеші өткенін жаздық. Осы кеште автордың музыкалық еңбектері жинақталған “Сүйемін туған елімді” атты кітап таныстырылды. 

WhatsApp Image 2026-06-06 at 22.07.44

Кітаптың тұсаукесер рәсімін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор, «Сырым ауданының құрметті азаматы» Донеділ Қажымов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаев  және Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов жүргізді. 

Серік Әнуарұлының ұсынысымен Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі, “Демалыс орталығы” мекемесінің қолдауымен шыққан жаңа жинаққа Армат Алдамжаровтың 30-дан астам әнінің нотасы мен мәтіндері енгізілген. 

“Сүйемін туған елімді” жинағы - тек ноталар жинағы емес, бұл елге деген махаббаттың, ұлттық рухтың көрінісі”  деп жазыпты алғысөзінде Арматтың ұстазы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Сәуле Жанпейісова. 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале