8.06.2026, 22:00
Оқылды: 13

Кітап оқу мәдениеті: Үкімет зерделі ұлт қалыптастыруды қолға алды

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті.

afec73f2-b20d-4ff7-8add-fa92c1fb2064

Фото: t.me

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңеске оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, сондай-ақ бірқатар негізгі министрлік пен ведомство өкілдері қатысты. Жиында Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру тетіктері талқыланды.

Студенттер арасында кітап оқу қалай насихатталады?

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова студент жастар арасында кітап оқу мәдениетін ілгерілету тәсілдеріне тоқталды. Бұл бағытта жоғары оқу орындарының кітапханаларын заманауи үлгіде дамыту; студенттік оқырман клубтарының жұмысын жандандыру көзделіп отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне салалық әдебиеттердің деңгейіне талдау жасау және болашақ педагогтарды даярлауға арналған оқулықтардың мазмұнын тексеру тапсырылды.

Әскери бөлімдердің кітапханалары да назардан тыс қалмайды

Реформа аясында Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне қарасты ұйымдардың кітапхана қорлары түгенделеді. Әскери бөлімдер мен ведомстволық мекемелерді заманауи әрі кәсіби әдебиеттермен қамтамасыз ету — басты міндеттің бірі. Арнайы талдау жұмыстарынан кейін әскери құрылымдардағы кітапхана қорларын толықтыру және жаңарту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале