10.06.2026, 12:45
Оқылды: 26

Сырым елі - менің кіші Отаным!

Сырым ауданында «Менің кіші Отаным» тарихи экспедициясы аяқталды. 

da15e68f-7749-4632-a5f3-34044f047026

Туған өлке тарихын таныту, тарихи-мәдени мұраларды жас ұрпаққа насихаттау және оқушылардың туристік-спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында тарихи-танымдық жорық аясында педагогтар мен оқушылар аудандағы тарихи мекендер - Жымпиты ауылы – Сырым шыққан төбе – Жұмағазы хазірет қорымы – Тайлақ батыр қорымы – Қоспа – Бұлан тоғайы - Жымпиты ауылы маршруттарын жүріп өтті.

e35ef217-3dc3-4ad6-945d-902a3e34b66b

- Сапар барысында оқушылар киелі орындардың тарихымен терең танысып, туған өлкенің өткені туралы тың деректер мен құнды мәліметтерге қанықты. Экспедиция жас зерттеушілердің өлкетануға деген қызығушылығын арттырып, тарихи санасын қалыптастыруға және білім көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік берді.

Туған жер тарихын танып-білу – өскелең ұрпақтың елжандылық рухын қалыптастыратын маңызды қадам. - дейді Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А. Бекмұханова.

dcd55feb-415a-4e45-99df-844c0feaa5d7

Айта кетейік, экспедиция жетекшілері:

Е.М. Ескабулов – аудандық «Жас туристер станциясы» КММ әдіскері;

Н.А. Сырымова – аудандық «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК қосымша білім беру педагогы.

 

Б. Шерім,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале