10.06.2026, 13:00
Оқылды: 67

Ақсайда «Art masters» өнер орталығы есеп беру кешін өткізді

Жақында аудандық демалу орталығында «Art masters» өнер орталығының есеп беру кеші өтті. Аталған шара орталықтың директоры Ляззат Кушекбаеваның алғысөзімен басталды. 

WhatsApp Image 2026-06-07 at 20.12.29 (1)

«Art masters» өнер орталығында тек қана сурет үйірмесі ғана емес, дизайн үйірмесі де жұмыс жасайды. Шара барысында оқушылардың салған суреттері көрмеге қойылып, дизайн үйірмесінің оқушылары джинсы матасынан өздерінің қалаған киімдерін тігіп, өздері модель болып, дефиле ұйымдастырды. Сонымен қатар 2026 жылы жетістіктерге жеткен оқушылардың «Үздіктер шеруі» ұйымдастырылды. Үздіктердің қатарында еліміздің Астана, Ақтөбе және Италия елінің Флоренция қаласында өткен жарыстардың жүлдегерлері болды. Сондай-ақ білім алушылардың қатарында Франция және Түркия елдеріне шақырту алған оқушылар да бар.

WhatsApp Image 2026-06-07 at 20.15.03

- "ArtMasters" өнер орталығының жылдық есеп беру кеші өте жақсы өтті. Мен жылдық есеп беру кешіне екінші рет қатысып тұрмын. Негізінде жыл сайын реті келмей, қызым өзі барып келетін. Әр жылы есеп беру кештері бір-бірінен өзгеше, ерекше және әр түрлі жерде өтетініне риза боламын. Бұл жетекшілеріміздің ұшқыр ойы мен креативтілігінде деп ойлаймын. Осы тұста жетекшілеріміз Ляззат Исянгулқызы мен Лилия Рахимғалиқызына алғыс білдіргім келеді. Себебі әр баланың таланты әртүрлі, оны ашып, бағыттау - тек өз ісінің білікті маманының қолынан келетін іс деп білемін. Қызым үйірмеге осы орталық ашылғалы қатысып келеді. Оған дейін 5-6 жасында Дина Сагидуллақызы есімді ұстаздан сабақ алды. Кейін аудандық "Балалар өнер мектебінде" Әділбек Серікұлынан тәлім алды. Қателеспесем 3-4 сыныптан бастап осы өнер орталығында қаламын ұштап келеді. Орталыққа келгелі суретке, бояуға деген қызығушылығы одан бетер оянып, ұстаздарымыздың жетекшілігімен бірнеше жарыстарға қатысып, жетістіктеріміз де көбеюде. Жалпы орталық ұжымына ризамын, - дейді орталық оқушысы Назым Беріктің анасы Жұлдыз.

WhatsApp Image 2026-06-07 at 20.12.28 (1)

Шара барысында орталық директоры белсенді ата-аналарға және демеушілерге өз алғысын білдіріп, оларды алғысхат және арнайы сыйлықтармен марапаттады. Есеп беру кешінің соңында балаларға демеушілердің атынан балмұздақтар үлестірілді. Аталған шара «Шебер сынып» деп аталатын шеберлік сағатымен аяқталды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

WhatsApp Image 2026-06-06 at 15.35.03

WhatsApp Image 2026-06-06 at 15.35.38 WhatsApp Image 2026-06-07 at 20.12.29 WhatsApp Image 2026-06-07 at 20.12.28 (2) WhatsApp Image 2026-06-07 at 20.12.05

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале