10.06.2026, 22:00
Оқылды: 6

Ауыл тұрғындарына діни сауаттылық жайы түсіндірілді

Қарағаш ауылдық округінде ауыл тұрғындарының қатысуымен «Діни сауаттылық және қауіпсіз интернет» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

image-10-06-26-07-05

Кездесуге арнайы шақырылған Шыңғырлау ауданы орталық мешітінің бас имамы, теолог Әділхан Нұрбергенұлы қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелер жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті. Ол өз сөзінде дәстүрлі діни құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталып, жастар мен тұрғындарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақ болуға шақырды.

Жиында діни сауаттылықтың қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі кеңінен сөз болды. Бас имам азаматтардың діни мәселелер бойынша тек ресми және сенімді дереккөздерге жүгіну қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде қауіпсіз интернет тақырыбына ерекше назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформаларда таралатын діни мазмұндағы ақпараттарды сараптап қабылдау, жалған уағызшылардың арбауына түспеу және киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Бүгінгі таңда ақпараттық кеңістік, соның ішінде интернет желісі түрлі діни ағымдардың насихат құралына айналып отыр. Сондықтан кез келген ақпаратты ресми, сенімді дереккөздерден ғана алу – діни тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі, – деді Әділхан Нұрбергенұлы.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, маман тарапынан жан-жақты жауап алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиын қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.

С. Өсәлім,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале