10.06.2026, 20:00
Оқылды: 32

Бөрліде мемлекеттік қызметтің жаңа талаптары талқыланды

Бөрлі ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өтті.

IMG_4055.JPG (1)

Фото: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Сапар аясында аудан активімен және мемлекеттік органдардың басшылық құрамымен кездесулер ұйымдастырылып, онда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізілген негізгі жаңашылдықтар, кадр іріктеуді оңтайландыру, меритократия қағидаттарын қорғау және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жиында қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін қоғамдық бақылауды күшейтетін жаңа тетіктер таныстырылды. Осы орайда Азаматтарды қабылдау орталығында жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметке орналасу, мансаптық өсу және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында құқықтық кеңестер берілді.

Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық көрме ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда үгіт-насихат парақшалары таратылды. Ал мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық құндылықтарын дәріптейтін «Ой мен білім алаңы» атты QUIZ зияткерлік сайысы өтті.

IMG_4268.JPG

Іс-шаралар барысында департамент басшысы Мұрат Байсалов жергілікті жастармен және белсенділермен ашық диалог өткізіп, мемлекеттік аппаратты жаңғыртудағы жаңа буынның рөліне ерекше тоқталды.

Кездесу қорытындысында мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, әдеп нормаларын қатаң сақтау, жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүйелі дамыту және қоғаммен кері байланысты күшейту жұмыстарын одан әрі жалғастыру маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ бірлескен бастамаларды іске асыру мен жастарды мемлекеттік басқару процестеріне белсенді тартудың нақты бағыттары айқындалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале