Киберқауіпсіздік мамандары алаяқтардан қорғану үшін бірнеше маңызды кеңес береді. Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы прокуратурасының прокуроры Азат Тастанов мәлімдеді - деп хабарлайды baq.kz.

Сурет: istockphoto.com
Оның айтуынша, интернет-алаяқтықпен күрес тиімділігін арттыру мақсатында АНТИФРОД жүйесі енгізілген. Жүйе банктер мен басқа ұйымдарға күмәнді қаржылық операцияларды анықтап, азаматтардың қаражатын қорғауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері елордада АНТИФРОД жүйесі арқылы қылмыстық схемаларда пайдаланылуы мүмкін 19 600 есепшот бұғатталған.
Прокурордың айтуынша, қазіргі алаяқтар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдеріне көшкен. Олар бейнеқоңырау шалып, жалған фотосуреттер жасап, туыстарының немесе таныстарының дауысын салып сөйлесуі мүмкін. Негізгі мақсат – жеке деректерді, банк карталарының мәліметтерін және SMS-кодтарды иемдену.
Мұндай жағдайлардың бірі Астанада тіркелген. Белгісіз адамдар WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар тұрғынды депозиттегі қаражатын «қауіпсіз сақтау» үшін шешіп алып, курьерге беруге көндірген.
Киберқауіпсіздік мамандары алаяқтардан қорғану үшін бірнеше маңызды кеңес береді:
Мамандардың айтуынша, ең тиімді қорғаныс құралы – қырағылық. Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, ешкімге парольдер мен растау кодтарын бермеу және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру қажет.