Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсановтің Ақсай қаласында өткен халықпен кездесуінде қала әкімі Арсен Баяндықовтың жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы жартыжылдыққа жоспарланған жұмыстар туралы айтып берді.

Қала басшысы өз баяндамасында алдағы уақытта жол, жаяу жүргінші жоладары құрылысының қай көшелерде болатынын атап өтті. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына келсек, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Оқушылар сарайының құрылысы басталатынын және бұл КПО б.в. компаниясының есебінен салынатын әлеуметтік инвестициялық жоба екенін айтып өтті. Қала әкімінің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша лифт қою және шатырды ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасуда екен. Қала басшысы Арсен Толқынұлы қала бойынша электр жабдықтау желілерінің мәселелері және абаттандыру жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті.
Ақсай қаласының №1 ЖОББМ-де өткен кездесуде тұрғындар қала ішінде жүретін №3 маршрутта белгіленген 4 көліктің жүрмейтіні туралы, және жол бойындағы белгілердің заңға қайшы тұрғандығы, электр бағаналары, тротуар туралы қойылған сұрақтарға аудан әкімі, мекеме басшылары жауап берді. Әрі қарай Аралтал шағынауданында жалғасқан кездесуде неше түрлі сұрақтар қойылды.
- Мен жаңа Аралтал тұрғынымын. Менің сұрағым Ақсай-Аралтал бағытында жүретін көлік туралы. Осы маршруттың бағасын және жүретін бағытын өзгертіп жіберген. Жол ақысы неліктен өзгерді? Бәріңіз білетіндей Аралтал тұрғындарының көбі көп балалы аналар. Бәрімізде жұмысқа осы №10 маршрутпен барамыз, - дейді Балауса деген Аралтал тұрғыны.
Қойылған сұраққа жауап беру мақсатында экранға №10 көліктің бұрынғы және қазіргі уақыттағы бағытының схемасы көрсетіліп, халыққа түсіндірілді. Талқылау барысында тұрғындар бұрынғы бағыттың ыңғайлы екенін айтып, өзгертуін талап етті. Тұрғындарға аталған бағыттың өзгеруі маршруттың маңызды мекемелерге, аурухана, мектептерге, базарларға, халық шоғырланған жерлерге баруына арналғандығымен түсіндірілді. Бағасына келсек, халық арнайы картамен 180 теңге төлей алады, ал қолма-қол 360 теңге.

Бәріміз білетіндей Аралтал шағынауданында балалар көп. Тұрғындардың айтуы бойынша сол балаларддың ойнауына ойын алаңдары жетіспейді екен. Сонымен қатар шағынаудан ретінде тұрғындар супермаркет, дәріхана, балабақша керектігін атап өтті. Бұл сұрақтарға аудан басшысы саламын, ашамын дейтін жеке кәсіпкер табылып жатса, өз тараптарынан көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді. Әрі қарай кездесу аудан әкімінің, бөлім басшыларының тұрғындарды жеке қабылдауымен жалғасты.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы