14.06.2026, 14:30
Оқылды: 25

Елімізде мектеп күресін дамытуға бағытталған жүйелі жоба қолға алынды

Астана қаласындағы №114 мектепте бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Мектеп күрес лигасы» жобасы аясында заманауи спорттық жабдықтарды тапсыру рәсімі өтті. Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан күрес федерациясының бірлескен бұл бастамасы мектеп қабырғасында күрес түрлерін кеңінен насихаттауды көздейді.

_gluster_2026_6_11_050aadb273ff89b58c004d6cc1633abf_1280x720

Фото: gov.kz

Салтанатты шараға қос министрліктің басшылары Ербол Мырзабосынов пен Жұлдыз Сүлейменова, сондай-ақ федерация президенті Еркін Оқасов қатысты. Жоба аясында аталған білім ошағына халықаралық стандарттарға сай келетін арнайы стационарлық күрес кілемі табысталды. Бұл жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытта спортпен тұрақты шұғылдануына үлкен мүмкіндік бермек.

_gluster_2026_6_11_edcfca21cc161ffab6982a22dafc5e89_1280x720

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өз сөзінде Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту жөніндегі тапсырмасын алға тартып, күрестің жас ұрпақты батылдық пен табандылыққа тәрбиелейтін маңызына тоқталды. Оның айтуынша, мектептерде мұндай қолайлы ортаның қалыптасуы болашақ олимпиада чемпиондарының шыңдалуына тікелей әсер етеді. Шара барысында тараптар үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Құжат аясында Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының қолдауымен «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы іске асырылады. Ерекше атап өтерлігі, жоба шеңберінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресін дамытуға, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға басымдық берілмек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале