15.06.2026, 12:30
Оқылды: 9

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен QUIZ сайысының жеңімпаздары анықталды

Бөрлі ауданында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы М.Байсаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ой мен білім алаңы» атты QUIZ сайысы өтті.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 13.11.07

Іс-шараға ауданның мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, заңнама, логикалық тапсырмалар және кәсіби құзыреттер бойынша өзара бақ сынасты. Сайыс мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, кәсіби білімін жетілдіруге, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды.

IMG_4326.JPG (1)

Іс-шара соңында департамент басшысы М.Байсалов «Ой мен білім алаңы» атты QUIZ сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, үздік командаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

IMG_4300.JPG (1) IMG_4316.JPG (1) IMG_4422.JPG (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале