15.06.2026, 12:45
Оқылды: 10

«МӘМС: Денсаулық коды» атты зияткерлік-медициналық квиз өтті

Медицина қызметкерлері күніне орай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «МӘМС Денсаулық коды» атты зияткерлік квиз ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 13.09.41

Танымдық сайысқа 6 командадан құралған 50-ге жуық қатысушы қатысты. Олардың қатарында медицина қызметкерлерімен бірге мемлекеттік қызметшілер мен жастар саясаты саласының өкілдері де болды. Қатысушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы білім деңгейінің жоғары болуы және сұрақтарға сенімді жауап беруі бізді қуантты.

Квиз барысында командалар МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, өзара тартысты бәсекеде бақ сынасты. Үздік нәтиже көрсетіп, оқ бойы озып шыққан командалар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараның мақсаты – МӘМС жүйесі туралы ақпараттық сауаттылықты арттыру, азаматтардың медициналық сақтандыру саласындағы білімін кеңейту және сала мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырған бұл зияткерлік сайыс алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, дәстүрлі форматта өткізілмек.

 Сымбат Жанабергенқызы,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Батыс Қазақстан облыстық филиалының бас сарапшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале