15.06.2026, 13:00
Оқылды: 8

«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам - жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды

Теректі ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер мен аудан жастары арасында өткен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам - жарқын болашақ кепілі» атты аудандық эссе байқауының қорытындылау шарасы өтті. Шығармашылық сайыс аясында қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік аппаратта адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған еңбектері сарапқа салынды.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 13.11.08

Департамент басшысы М.Байсалов байқау қатысушыларымен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтық сауаттылық пен қоғамдық бақылаудың рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, кадр саясатын жетілдіру және жастардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуының маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 13.11.08 (2)

Іс-шара соңында Департамент басшысы М.Байсалов шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, үздік деп танылған жұмыс авторларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Байқау қорытындысы бойынша жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале