15.06.2026, 15:30
Оқылды: 15

Қоржынға алғашқы алтын түсті

Сүйінші!

Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII Халық ойындарында Батыс Қазақстан облысының шахмат құрамасы чемпион атанды.

DSC05464.JPG

Жарыс барысында ақжайықтық шахматшылар қарсыластарына бірде-бір мүмкіндік бермей, сенімді ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде өңір құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, облыс қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Чемпион атанған команда сапында Мұртас Қажығалиев, Азамат Өтегалиев, Әлібек Иғамбергенов және Лаура Әбділдаева өнер көрсетті.

DSC05448.JPG

Жекелей есепте де жерлестеріміз жоғары нәтиже көрсетті. Бірінші тақта бойынша Мұртас Қажығалиев екінші орын иеленді. Екінші тақтада Азамат Өтегалиев бірінші орынның иегері атанды. Үшінші тақта бойынша Әлібек Иғамбергенов үшінші орынға табан тіреді. Ал төртінші тақтада Лаура Әбділдаева бірінші орыннан көрінді.

Команданы жарысқа білікті бапкер Валерий Юрьевич Мин дайындады.

Жеңіс құтты болсын!

Автор: Бекзат Қанәділ
Фото автордан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале