16.06.2026, 16:00
Оқылды: 10

Теректіде Әкелер күні аталып өтті

“Қазына” коворкинг орталығында Теректі аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен әкенің абыройын биіктетіп,  оған  деген құрметті дәріптеу, оқушылардың ата-анаға сыйластық сезімін қалыптастыру мақсатында әкелер күніне арналған мерекелік кездесу өтті.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 12.39.42

Аталған шараның шымылдығы “Әке- асқар тау” атты кітап көрмесімен ашылып, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Замира Сапарова әкелерді мерекемен құттықтап, қазақ әдебиетіндегі үздік туындыларда сипатталған әке бейнесі жайында ой толғап, қатысушыларға бірқатар кітаптардың мазмұны жайында мәлімет берді.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 12.39.45 (2)

Әкенің қадір-қасиетін ұғындыратын тәрбиелік-танымдық шара Айым Орынбасарованың әкелер сұхбатымен жалғасты.

Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар - мерекелік кештің басты кейіпкерлері ортаға шығып, өздерін жақыннан таныстырды. Олардың қатарында  әр саланың тізгінін ұстаған мамандық иелері бой көрсетті. Атап өтсек, Теректі ауданы ТЖБ № 12 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талап Қабдолов және аға жүргізуші - қызметкері Мұрат Абдрахманов,Теректі аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Дарын Бақытов, аудандық “Балалар шығармашылық үйінің” қызметкері Жанболат Шәкетов, аудандық “Мәдениет үйінің” қызметкері Медет Шалашов, аудандық “Балалар музыка мектебінің” ұстазы Жақсылық Имашов және “Теректі” спорт клубының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының спорт нұсқаушылары Өтеген Мүбарак пен Заманбек Хайрлиев қатысты. Барлық шұғыл жұмыстарын кейінге ысырып, жұмыс күнінен бос уақыт тауып келген әкелер балаларын жетектеп, өз белсенділігін көрсетіп үлгі бола білді. Сұхбат барысында әкелер отбасы жайында баяндап, перзенттерінің жетістіктерімен қуана бөлісіп, бала тәрбиесіндегі ұстанымдары мен қызықты оқиғаларын айтты. Тілдесу барысында қатысушылар өз әкелерінен алған тәрбие үлгісі, кітап оқу мәдениетіне қатысты және мамандық таңдауға байланысты ойларын ортаға салды.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 12.39.45

Шараның бел ортасында балалар кітапханасының жас оқырмандары әке туралы өлең оқып, Жақсылық Оралбайұлының сүйемелдеуімен Гүлжүзім Санижанова  “Менің әкем - ең жақсы адам” әнін орындап, тыңдарман ықыласына бөленді. Сонымен қатар келген меймандар арасында қызықты ойындар ұйымдастырылып, қазақ қоғамындағы әке рөлін биіктететін қағидалар, тәлім-тәрбие айтылып,  мақал - мәтелдер тілге тиек етілді.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 12.39.45 (1)

Келген қонақтар шара соңына қарай кітап оқудың маңызын айтып, оқырмандардың көп болуын тіледі. Зарина Сапарова тағы бір мәрте мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, Теректі аудандық ОКЖ директоры А.Кайрова атынан алғыс хаттар табыстады.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 12.39.46

Кеш нүктесі әке мен анаға деген жүрекжарды сыйластықтан туындаған сазды нөмірімен аяқталды.

 

Қ.Қаламқас,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале