16.06.2026, 17:30
Оқылды: 13

Бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу: БҚО-да кредиттік серіктестік басшысы сотталды

Батыс Қазақстан облысында алаяқтық, өкілеттіктерін теріс пайдалану және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша бұрынғы кредиттік серіктестік басшысына қатысты сот үкімі шығарылды.

жп ақша (10)

Сурет архив сайтынан

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген тергеу барысында сотталған тұлғаның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, «Агробизнес» несиелеу бағдарламасы аясында өз бақылауындағы шаруа қожалығына 126,7 млн теңге сомасына заңсыз жеңілдетілген несие рәсімдегені анықталды.
Кейіннен несие қаражаты ірі қара малды сатып алмастан, шаруа қожалығының есепшотынан қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сонымен қатар, ол «АЖБ» ақпараттық жүйесіне шын мәнінде жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізу арқылы асыл тұқымды сиырларды сатып алу және өсіруге арналған «2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде бөлінген 24 млн теңге көлеміндегі субсидияларды заңсыз алған.
Заңсыз алынған несие қаражатына күдікті монша кешені, жер учаскесі сатып алынып, онда сауда үйін салған. Сонымен қатар, мүліктің нақты иесін жасыру мақсатында жылжымайтын мүлікті туысының атына рәсімдеген.
Сот үкімімен азамат 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған құны 186,4 млн теңге болатын мүлкі – жер учаскесі бар монша кешені және сауда үйі тәркіленді.
Сонымен қатар, коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару 5 жыл мерзімге құқығынан айырылу жазасы қолданылған.

БҚО бойынша ЭТТД

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале