16.06.2026, 17:45
Оқылды: 12

Тегін, ыңғайлы әрі қауіпсіз: БҚО мұғалімдері BilimClass-қа еліміз бойынша ең жоғары баға берді

2025 жылдың қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының мектептері BilimClass білім беру платформасына көшкен еді. Одан бері бір жылға жуық уақыт өтті, қазір өңір ұстаздары бұл жүйенің мүмкіндіктерін жоғары бағалап отыр. Пайдаланушылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, БҚО мұғалімдері платформаға көңілі толу деңгейі жағынан ең жоғары көрсеткіш көрсеткен. Педагогтердің 90%-дан астамы BilimClass-қа үздік платформа деп баға берген.

 WhatsApp Image 2026-06-16 at 17.44.08 (1)

2025-2026 оқу жылында Батыс Қазақстан облысының 381 мектебі BilimClass платформасына көшті. Платформа  электрондық журнал, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ кестесі және аналитикалық құралдар сияқты мектепке қажет құралдарды бір жерге біріктіреді.

BilimClass платформасы жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Батыс Қазақстан педагогтерінің басым бөлігі платформа жұмысына оң баға берген. Мәселен, мұғалімдердің 79%-ы BilimClass-қа ауысқалы жұмыстың жеңілдегенін айтса, 64%-ы электрондық журналды бұрынғы жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жылдам толтыратын болған. Ал әрбір төртінші маман жұмыс жылдамдығы екі есе артқанын атап өткен.

Пайдаланушылар BilimClass-тың басты артықшылықтары ретінде жарнаманың болмауын, оқушыларға арналған бонус жүйесін және платформаның тұрақты жұмыс істейтінін айтады. Сауалнамаға сәйкес, мұғалімдердің 94%-ы бонус жүйесін тиімді деп санаса, 91%-ы жүйенің кідіріссіз жұмысына риза. Сондай-ақ педагогтердің 90%-дан астамы BilimClass-ты бұрын қолданған бағдарламалардың ішіндегі ең үздігі деп атады.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 17.44.08

Ұстаздардың пікірінше, платформа уақытты үнемдеуге және күнделікті міндеттерді оңай жүргізуге көмектеседі.

Платформа ата-аналардың да көңілінен шыққан. Ата-аналар платформа артықшылықтары ретінде мобильді қосымшаның ыңғайлығын, баланың үлгерімін, үй тапсырмасы мен сабақ кестесін жедел қадағалап отыру мүмкіндігін атап өткен. Сонымен қатар ата-аналардың 89%-ы оқушыларға арналған бонус жүйесіне оң баға берген.

Айта кетейік, отандық платформа мектептер, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар үшін толықтай тегін. Сондай-ақ жүйе қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға жіті мән береді. Бүгінде BilimClass платформасын Қазақстан бойынша 2,5 миллионнан астам оқушы мен 350 мыңнан астам педагог қолданады.

Дереккөз: BilimClass платформасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале