16.06.2026, 22:20
Оқылды: 6

Жаңажолдық спортшы Халық ойындарының тұғырынан көрінді

Түркістан қаласында төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары басталды.

image-16-06-26-10-10-1

Еліміздің барлық өңірінен жиналған спортшылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынап жатыр. Жарыс бағдарламасы аясында өткен самбо күресінен белдесулерде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Жаңажол ауылының тумасы Айдана Елеусінова сәтті өнер көрсетті. Ол бозкілемдегі тартысты кездесулер қорытындысы бойынша қарсыластарын басып озып, турнирдің қола жүлдесін иеленді. Бұл табыс спортшының республикалық деңгейдегі үздіктер қатарында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

image-16-06-26-10-10

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале