17.06.2026, 11:45
Оқылды: 9

Әлеуметтік нан қайда?

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бір емес бірнеше мәселе қаралды. Кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов тізгіндеген отырыста алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоксандағы N34-2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндама жасады.

IMG_20260615_100741

Бұдан кейін мінберге көтерілген аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Нүркен Топасов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және мониторинг жүргізу бойынша есеп берді. Отырыстағы талқыға түскен мәселенің бірі де бірегейі де осы мәселе болды. Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева әлеуметтік азық-түліктің нақты қандай мөлшерде алынып, кімдерге сатылып жатқанын сұраса, депутат Қайрат Насимоллин жаңадан ашылған бөлімге арнайы ғимарат беріліп, қызметтік көлікпен қамтамасыз етілсе де, жұмыстың алға баспай тұрғанын айтты.

IMG_20260615_100855

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәурен Дәуленов бөлім бойынша  көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы және оның сапасын арттыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл бағытында есеп берді.

Дәл осындай есепті  Сайқын ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Индира Карина мен Орда ауылдық округінің әкімі  Ғайса Махимов те берді.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале