15.08.2026, 21:10
Оқылды: 7

Қазталовтық жаттықтырушы Рустам Урашев марапат иеленді

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Спорт күніне орай спорт саласының үздіктерін ұлықтаған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында өңір спортын дамытуға еңбегі сіңген бірқатар сала мамандарына құрмет көрсетіліп, озық жетістіктері атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-08-15 at 21.08.45

Айтулы шарада Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ауыр атлетика тобының жаттықтырушысы Рустам Урашев та марапатталды. Жас спортшыларды тәрбиелеп, ауыр атлетика бағытын өңірде өркендетуге үлес қосып жүрген білікті маманға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының алғысхаты табысталды. Бұл марапат жаттықтырушының шәкірт тәрбиелеу жолындағы ерен еңбегі мен аудан спортын дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға болып саналады.

Мерекелік кеш соңында спортшылар мен сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама мен заманауи қойылымдар ұсынылды.

Жайна Қабиболла,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале