15.08.2026, 20:30
Оқылды: 10

Шыңғырлау: Александр Пятин «Еңбек ардагері» және «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды

Спорт күні мерекесіне орай Шыңғырлау ауданының «Құрметті азаматы», спорт саласының ардагері Александр Пятиннің есімі облыс көлемінде ерекше аталып, еңбегі лайықты бағасын алды.

image-15-08-26-12-29

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған салтанатты шара барысында ардагерге «Еңбек ардагері» және «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгілері табысталды.

Бұл марапаттар Александр Ильичтің спорт саласындағы ұзақ жылғы еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі болып саналады. Ол өз қызметі арқылы ауданның спорттық әлеуетін арттыруға, бұқаралық спортты дамытуға, жас спортшылардың шыңдалуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

Спорт саласында еңбек ету тек жарыс ұйымдастырып, спортшыларды дайындаумен шектелмей, жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру мен спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру секілді үлкен жауапкершілікті талап етеді. Александр Ильич Пятиннің көп жылғы қызметі осы жауапкершіліктің жарқын көрінісі болып саналады.

Бүгінде спорт ардагерінің өмір жолы мен еңбек тәжірибесі кейінгі буынға үлгі болып, оның спортқа деген адалдығы аудан жастарына өнеге болуда.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале